386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елеусіновтің кіммен және қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

  • 162
  • UPD: 10:54, 21.08.2019
Елеусіновтің кіммен және қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 13 қыркүйекте өткізеді.

Олимпиада чемпионы Нью-Йорк қаласындағы Медисон Сквер Гарденде 34 жастағы американдық боксшы Решард Хикспен шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта он раундқа жоспарланған. Бұл Даниярдың кәсіби рингтегі сегізінші кездесуі болады. Қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейінгі барлық қарсыластарынан басым түскен. 

«Бавария» қатарын тағы бір жаңа футболшымен толықтырды. Мюнхен командасына Франция жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Микаэл Кюизанс ауысты. 20 жастағы ойыншы 2017 жылдан бері Менхенгладбахтың «Боруссиясында» ойнап, бундеслигада 35 матчқа қатысты. «Бавария» Кюизансты 10 млн еуроға сатып алды. Футболшы Германия чемпиондарымен бес жылдық келісім-шартқа қол қойды. Микаэл Кюизанс биыл «Бавария» сапына қосылған үшінші француз ойыншысы атанды. Оған дейін қорғаушылар Лукас Эрнандес пен Бенджамин Павар Мюнхен клубының жейдесін киген еді. 

Талай жыл «Баварияны» өрге сүйреген Франк Рибери енді Италия чемпионатында ойнауды көздейді. Француз футболшысы неміс командасымен келісім-шарты аяқталған соң басқа клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Жартылай қорғаушы жаңа маусымды «Фиорентина» сапында бастауы мүмкін. Қазір тараптар келісім-шарт бойынша сөйлесіп жатқан көрінеді. 36 жастағы ойыншыны Ресейлік командалар да қатарына қосқысы келген.

Хабар 24 телеарнасы