385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қазақ күресінен турнир өтті

  • 344
  • UPD: 15:23, 21.08.2019
Оңтүстік Кореяда қазақ күресінен турнир өтті

Чунджу қаласында халықаралық жастар жекпе-жек лагерінде бес мемлекеттің спортшылары бас қосты. Бразилиялық капуэйро мен қазақ күресінің қандай ұқсастығы бар? Тілшіміз Владислав Цой айтып береді.

Лагердегі өмір таңертең дене шынықтырудан басталады. Спортшылар жаттығу жасап бір-бірімен бес тілде сәлемдеседі, алғыс айтады және қоштасады. Корея, Бразилия, Түркия және Моңғолия азаматтары енді қазақша рахмет айта алады. 

Жастар лагерін ЮНЕСКО-ның халықаралық жекпе-жек орталығы ұйымдастырған. Мұнда спортшылар қазақ күресі, моңғолдық бох, кореялық ссирым, түрік гюреші және бразилиялық капуэйро ұлттық спорт түрлерімен танысты.  

Ханна Чой, ЮНЕСКО-ның халықаралық жекпе-жек орталығының маманы:

- Халықаралық лагерге келушілер жекпе-жектің бірнеше түрімен танысады. Мысалы, кореялық ссирым палуаны қазақ күресі тәсілдерін үйренеді. Жекпе-жекпен бірге қазақ мәдениетін және қарапайым сөздерін де білетін болады. Болашақта олардың танысуы достыққа айналып олар өзге ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде насихаттайды деп сенеміз.  

Қазақ балуандары шетелдіктерге күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Ал бразилиялықтар қазақ күресі өздерінің ұлттық спорты капуэйроға ұқсайтынын айтады.   

Велингтон Нельсон, Фернадес – Капуэйра Маманы: 

- Біз Қазақстан өкілдерін бірінші рет көріп тұрмыз. Олардың қарапайымдылығына, біліктілігіне таңғалдық. Өте бақытты адамдар екен. Казақ күресімен капуэйро арасында біраз ұқсастықтар бар. Қазақстандағы спорт федерациясымен қарым-қатынасты одан әрі дамытамыз. 

Қазақ күресін жақсы менгерген шетелдіктер шағын турнирге қатысты. Сөйтіп жеңіске жеткен палуандар қазақстандық шоколадтың дәмін татты.  

Ербол Мырзабосынов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы: 

- Қазақ күресінің ережесі әлемде көп күрестерге келеді. Мысалы, дзюдо, самбоға ұсқайды. Еркін күрес элементтері дөп келгендіктен көп спортшылар емін-еркін күреседі. Оған кеше Моңғолияда өткен Азия біріншілігі дәлел. Жаңағы сегіз салмақтың үшеуінде қазақ палуандары жеңіске жетті. Қалған салмақтарда басқа елдердің спортшыларының үлесінде. 

Чунджу қаласында спортшыларымыз шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға келісті. Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында қазақ күресінің әлемдегі танымалдығы артып, тіпті олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілуі мүмкін. 

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы