387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшылар каное есуден әлем чемпионатының финалына өтті

  • 155
Қазақстандық спортшылар каное есуден әлем чемпионатының финалына өтті Olympic.kz

Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық каноешілер финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.  Екі адамдық каноемен 200 метрге жарысудан сынға түскен Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров 36.76 уақыт көрсеткішімен өз тобында бірінші орын алды. Осылайша, олар 23 тамыз күні өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.  Сондай-ақ Иван Лукьянов байдаркамен 500 метрге жарысудан жартылай финалға өтті.

Хабар 24 телеарнасы