387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Деревянченко жекпе-жек өткізу туралы шешімге келді

  • 443
Головкин мен Деревянченко жекпе-жек өткізу туралы шешімге келді prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды.

Жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл жолы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) қолғап түйістіреді. Бәске орта салмақтағы IBF белбеуі тігіледі.

Қос боксшының жекпе-жек өткізу туралы келіссөз сәтті аяқталған. Жекпе-жектің өтетінін Boxingscene.com инсайдері Кит Айдек растады. Осы бейсенбі күні екі боксшы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин мен Деревянченкоға жекпе-жек өткізуге рұқсат еткен болатын. Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге келісе алмағаннан соң 1 тамыз күні IBF белбеуін босатты. 

Хабар 24 телеарнасы