386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: Бүгін «Астана» - БАТЭ кездесуі

  • 320
  • UPD: 13:35, 22.08.2019
Еуропа лигасы: Бүгін «Астана» - БАТЭ кездесуі sports.kz

Бүгін «Астана» Еуропа лигасындағы шешуші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда командасы Беларусьтің БАТЭ-сын қабылдайды. Матч кешкі 20:00-де басталады. Бұл ойында топтық кезеңнің жолдамасы сарапқа салынады. Сондықтан Роман Григорчук шәкірттері негізгі күшті осы матчқа салады. «Астананың» төрт көзі түгел.

«Тек Томашевич қана толық матчқа қатысуға дайын емес», - дейді бас бапкер. Украиналық маман Фирмин Мубеленің де жағдайы жақсы екенін атап өтті. Бірақ негізгі құрамда кімдердің кездесуді бастайтынын айтпады. «БАТЭ ұжымдық ойын көрсететін жақсы команда, олардың қорғанысы мен шабуыл шебінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Екі команданың да қарымы шамалас», - дейді Григорчук.

Роман Григорчук, «Астана» ФК бас бапкері:

Футболда ұқсас жағдайлар көп. Екі команданың ойын үлгісі бір-біріне ұқсамайды. Біз БАТЭ туралы толық ақпарат алдық. Соған қарап өз ойын жоспарымызды құрдық. Матчқа дайынбыз. Енді өз білгенімізді алаңда жүзеге асыру қалды.

Қазақстандық ескекшілер Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров екі адамдық каноэде әлем чемпионатының финалдық сайысына шықты. Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан біріншілікте жерлестеріміз 200 метрге жарысудан көзге түсті. Қазақстандық ескекшілер іріктеу сынында бірінші орын алды. Финал ертең өтеді.

 

Ришат Хайбуллин құзға өрмелеуден қола жүлдегер атанды

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қазақстандық спортшы Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан дүниежізілік біріншілікте көпсайыс бағдарламасында көзге түсті. Бұған дейін біздің спортшылар құзға өрмелеуден әлем чемпионаттарында жүлде алған емес. Сондықтан Хайбуллиннің медалі ел спортының жаңа парағын ашты. Ришат қола медальмен қоса, 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасына да иелік етті. Жапония астанасында дәл осы көпсайыс бойынша кешенді сынның жүлделері сарапқа салынады.

 

Головкин - Деревянченко жекпе-жегі қазанда өтеді

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden-де өткізеді. Қазақстандық былғары қолғап шебері Украиналық Сергей Деревянченкомен шаршы алаңға шығады. Боксшылар орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғын сарапқа салады. Головкин бұл ұйымның белбеуін 2015 жылы ұтып алып, 201 жылға дейін иелік етті. Алайда сол кезде украиналық боксшымен кездесуден бас тартқаннан кейін аталған ұйымның белбеуінен айырылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы