387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футболшылары «БАТЭ» командасын ірі есеппен жеңді

  • 454
  • UPD: 22:57, 22.08.2019
«Астана» футболшылары «БАТЭ» командасын ірі есеппен жеңді

Футболдан UEFA Еуропа плей-офф сатысындағы алғашқы кездесуінде елордалық «Астана» өз алаңында Беларусьтің БАТЭ командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Плей-офф кезеңінде жолы болған команда жарыстың топтық сатысына жолдама алады. Сондықтан екі команда да бүгінгі кездесуде өздеріне қолайлы есепке қол жеткізуге барынша күш салды.

«Астана» сапында алғашқы минуттан Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон , Дорин Ротариу, Фирмин Мубеле, Марин Томасов шықты.

Ал БАТЭ бапкерлері Антон Чичкан, Александар Филипович, Слободан Симович, Захар Волков, Алексей Риос, Евгений Яблонский, Станислав Драгун, Дмитрий Бага, Игорь Стасевич, Эрвен Мукам және Максим Скавыш сынды жігіттерге сенім артты.

Ойынның алғашқы минутынан біздің команда тізгінді қолға алуға тырысты. Қарсыластар қақпасы маңында қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде алғашқы болып есеп ашты. Кездесудің 23-минутында Марин Томасов командалас әріптесінен доп алды. Содан кейін бірнеше қарсыласын алдап өтті. Сосын алыстан допты шірене теуіп, қарсыластар қақпасын тулатты.

Айта кету керек, бұл Марин Томасовтың биылғы еурокубок ойындарында соққан жетінші голы саналады. Елордалық футболшылар бірінші кезеңде бұдан кейін де көптеген шабуылдар ұйымдастырған еді. Дегенмен олардың барлығы діттеген жеріне жеткен жоқ. Бірінші кезеңнің соңында оң қанаттан әуелете берілген допты «Астана» ойыншысы Юрий Логвиненко баспен қақпаға соғып кетті. Екінші кезең басталғаннан кейін көп ұзамай «Астана» есепті үстемелей түсті. БАТЭ қақпасына белгіленген пенальтиді Рунар Сигурйонссон шебер орындай білді. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін мүмкіндіктер болды. Десе де ойын соңына дейін бұдан басқа гол соғылған жоқ. «Астана» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы