387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайсон Фьюри кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады

  • 172
Тайсон Фьюри кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады Tv.ua

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады.

Британиялық боксшы 14 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында швециялық Отто Валлинмен шаршы алаңға шығады. Сосын WBC тұжырымындағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер күтіп тұр. Америкалық былғары қолғап шеберімен қарымта сайыс ақпан айына жоспарланған. Кәсіпқой бокста 29 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңілган Фьюри аса ауыр салмақтағы кез келген мықтының мысын басуға дайын екенін мәлімдеді. Тіпті үш бірдей тұжырым бойынша алтын белбеуге иелік еткен Энди Руисты құлатуға бір қолының шамасы жететінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы