386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


70 жастағы америкалық шабандоз мың шақырымдық бәйгеде бірінші келді

  • 140
70 жастағы америкалық шабандоз мың шақырымдық бәйгеде бірінші келді

Моңғолияда әлемдегі ең қиын саналатын ат жарысы өтті.

Бәйгеге қатысушылар ережеге сай 1000 шақырымға жуық қашықтықты бағындырулары тиіс. Осыған байланысты шабандоздар тұлпарларын әр 40 шақырым сайын ауыстырып, аталған межені бір аптадан аса уақыт ішінде шауып өтті. Нәтижесінде бәйгенің бас жүлдесін күтпеген жерден 70 жастағы америкалық шабандоз жеңіп алды. Ол 12 елден келген 40 қатысушыны артта қалдырды. Америкалықтың айтуынша, жеңіс тұғырынан көрінуге жылқыға деген сүйіспеншілік пен үздіксіз жаттығулар көмектескен.

Хабар 24 телеарнасы