389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиадалық комитет цифрлық құжат айналымына көшеді

  • 212
  • UPD: 15:11, 23.08.2019
Олимпиадалық комитет цифрлық құжат айналымына көшеді

Сыбайлас жемқорлықтың түбегейлі жойылуына спортшылар да мүдделі.

Ұлттық олимпиадалық комитет еліміздегі мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар арасынан алғашқы болып сыртқы жемқорлық тәуекеліне анализ жасатты. Сараптама нәтижесі бойынша мамандар аталған ұйымдағы мемлекеттік сатып алулар жұмысында кемшіліктерді байқаған. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі баспасөз мәслихатында айтылды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас директоры Нұрлан Нөгербек анализ нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою үшін арнайы жоспар жасалғанын атап өтті. Енді ел спортының дамуына жауапты ұйым ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында цифрлық құжат айналыма толықтай көшетін болады.

Нұрлан Нөгербек, ұлттық олимпиадалық комитеттің бас директоры:

– Ұлттық олимпиадалық комитет қолма-қола ақша операцияларынан біртіндеп бас тартып, ақшасыз төлемдер жасауға көшті. Яғни тауар жеткізушілер және қызмет көрсетуші мекемелермен тікелей төлемдер жасаймыз. Бұрындары спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына қажетті қаржы жаттықтырушылар мен команда басшыларының есеп-шотына аударылып келсе, енді бұл тікелей жиын өтетін базалар мен қонақ үйлерге аударылады. Сонымен қатар шетелдегі оқу-жаттығулар үшін корпоративтік карталармен есеп айырысу жүйесі іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы