387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кейлор Навас ПСЖ клубына ауыспақ

  • 149
  • UPD: 16:23, 23.08.2019
Кейлор Навас ПСЖ клубына ауыспақ prosports.kz

«Реалдың» қақпашысы Кейлор Навас «Реал» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Mundo Deportivo порталының мәлімдеуінше, қақпашы ПСЖ сапына ауысуы мүмкін.

Франциялық клуб Навасқа жылдық жалақысы 7 млн еуро құрайтын 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр екен.

AS басылымының мәліметінше, 32 жастағы футболшы корольдік клубтың басшылығынан өзін еркін агент ретінде жіберуді сұраған. Алайда «Реал» қақпашысын тегін жіберуден бас тартып отыр. Олар Навас үшін кем дегенде 20 миллион еуро төлеген командаға сатуға ғана дайын.

Хабар 24 телеарнасы