387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық олимпиада комитеті цифрлық құжат айналымына көшеді

  • 149
  • UPD: 18:54, 23.08.2019
Ұлттық олимпиада комитеті цифрлық құжат айналымына көшеді

Сыбайлас жемқорлықтың түбегейлі жойылуына спортшылар да мүдделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық олимпиадалық комитет еліміздегі мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар арасынан алғашқы болып сыртқы жемқорлық тәуекеліне сараптама жасатты. Мамандар осы арқылы ұйымдағы мемлекеттік сатып алулар қызметіндегі кемшіліктерді анықтайды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз мәслихатында айтылды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас директоры Нұрлан Нөгербек сараптама нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою үшін арнайы жоспар жасалғанын атап өтті. Енді ел спортының дамуына жауапты ұйым ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында цифрлық құжат айналыма толықтай көшетін болады.

Нұрлан Нөгербек, Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас директоры:

- Ұлттық олимпиадалық комитет қолма-қола ақша операцияларынан біртіндеп бас тартып, ақшасыз төлемдер жасауға көшті. Яғни, тауар жеткізушілер және қызмет көрсетуші мекемелермен тікелей төлемдер жасаймыз. Бұрындары спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына қажетті қаржы жаттықтырушылар мен команда басшыларының есепшотына аударылып келсе, енді бұл тікелей жиын өтетін базалар мен қонақүйлерге аударылады. Сонымен қатар шетелдегі оқу-жаттығулар үшін корпоративтік карталармен есеп айырысу жүйесі іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы