385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында триатлоннан ел кубогының ақтық мәресі өтуде

  • 133
Павлодар облысында триатлоннан ел кубогының ақтық мәресі өтуде

Павлодар облысында триатлоннан ел кубогының ақтық мәресі өтіп жатыр.

Бәсекеге еліміздің 28 кәсіби атлеті қатысты. Бүгін веложарыс, жүзу мен жүгіруден дес бермейтін спортшылар ұлттық рейтингтегі ұпайларына қол жеткізді. Турнирдің қатысушылары 300 метрді жүзіп өтіп, 8 шақырымды велосипедпен еңсерді және 2 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті. Ал ертең стандартты қашықтықтағы жарыстар өтеді. Оған 70-тен астам әуесқой спортшы мен 9 эстафеталық команда қатысып, бақ сынайды. Айта кетейік, бұл - триатлон маусымының көптен күткен кезеңі. Алдағы уақытта Ақтау қаласында Азия кубогы ойнатылып, ел намысын халықаралық додаларда қорғайтын команданың құрамы анықталады.

Айдана Кребаева, ҚР триатлон федерациясының баспасөз хатшысы:

– Барлық аймақтан келген спортшылар емес, так Алматы, Шымкент, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысынан келген спортшылар ғана қатысып отыр. Қалған спортшылар осының алдында болған Орал және Өскемен қаласындағы сайыстарда өздеріне қажетті ұпайларын ойнатып, жеңетіндерін жеңіп алған болатын. Яғни бұл бапкерлердің өздерінің стратегиялық жоспарларына байланысты әр қаладағы жарыстарға өздері жіберіп отырады.

Юлия Озерова, жарыс жеңімпазы:

– Бұл – триатлондағы ең қысқа қашықтықтағы жарыс. Сондықтан бар күшімді салдым. Додада әр секунд маңызды. Қарсыластарымның дайындығы мықты болды. Енді ақтық мәреге дайындаламын.

Хабар 24 телеарнасы