386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энди Руис Джошуамен Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізуге келісім берді

  • 116
  • UPD: 20:37, 24.08.2019
Энди Руис Джошуамен Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізуге келісім берді prosports.kz

WBO, WBA, IBF, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Энди Руис Энтони Джошуамен реванш өткізу жайлы ұсынысты қабыл алғанын мәлім етті, деп жазады Prosports.kz.

Осыған дейін Энди Руис тек қана АҚШ жерінде жұдырықтасамын деп тұрып алған еді. Бірақ қазір ол өз пікірін өзгерткен секілді.

- Мен 1 маусым күні патшаны тақтан тайдырдым. Енді оның мансабын шөл далада аяқтағым келеді, - деп жазды Мексика елінің тумасы өз Twitter парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы