386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Сметов Жапониядағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

  • 148
  • UPD: 17:53, 25.08.2019
Е.Сметов Жапониядағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Жапонияда дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдені жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта қос бірдей балуанымыз қола жүлдеге таласты. Жұбаныш белдесуінде Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов кездесті. Нәтижесінде Елдос Сметов вазари әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Отгонцэцэг Галбадрах жұбаныш белдесуінде Мартинез Абебеленда Лаурамен кездесіп, ұтылып қалды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы