387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубы ашылды

  • 292
  • UPD: 22:20, 25.08.2019
Елордада «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубы ашылды

Елімізде әлемдік аралас жекпе-жек лигасында өнер көрсететін команданың тағы бір өкілдігі пайда болды.

Спорт клубында ММА, дзюдо, бокс, кикбоксинг, еркін күрес және грэпплингпен айналысуға болады. Клубтың салтанатты ашылу рәсіміне АСА әлемдік лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев, Шешенстан президентінің спорт саласы жөніндегі кеңесшісі Лечи Курбанов және ММА бойынша әлем чемпионы Хермес Франса қатысып, шеберліктерімен бөлісті.

Сұлтан Ичиев, «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубының жетекшісі:

- Біз клубты әдейі қала орталығынан алыс жерден ашып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз - осындағы жастардың жат қылықтан ада болып, спортқа бет бұруына жол ашу. Ал аз қамтылған отбасы балаларына жеңілдік ұсынамыз. Егер баланың бойынан талант көріп, еңбектенуге деген ынта-жігер байқасақ тегін қатысуына мүмкіндік береміз.

Хабар 24 телеарнасы