389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисшілер US Open турниріне қатысады

  • 174
Қазақстандық теннисшілер US Open турниріне қатысады novamakedonija.com.mk

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында теннистен биылғы жылдың соңғы үлкен шлем жарысы басталды.

Ұтыс қоры 57 млн долларды құрайтын турнирдің негізгі кезеңінде қазақстандық спортшылар да ойнайды. Бүгін әйелдер арасындағы алғашқы кезеңде Зарина Дияс жарысқа араласады. Жерлесіміз австралиялық Эшли Бартимен кездеседі. Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен кортқа шығады. Ерлер арасындағы сында да елімізідң атынан екі теннисші қатысады. Ертең Михаил Кукушкин испаниялық Роберто Баутистамен кездеседі. Александр Бублик колумбиялық Сантьяго Хиральдомен сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы