385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жансая Әбдімәлік Vienna Open-де арнайы сыйлыққа ие болды

  • 179
  • UPD: 10:24, 26.08.2019
Жансая Әбдімәлік Vienna Open-де арнайы сыйлыққа ие болды

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан халықаралық Vienna Open турниріне қатысып, әйелдер арасында 1-орынды иеленді.

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Кеше халықаралық Vienna Open турнирі аяқталды. «А» турнирінде 398 шахматшы қатысты.

Әйелдер арасында 1-орын иелендім, ал ерлер арасында 2-11-ді бөлістім. Сондай-ақ әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткенім үшін аты аңызға айналған Нана Александриядан арнайы сыйлық алдым. 

Қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын!», – деп жазды Жансая.

Хабар 24 телеарнасы