387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Допинг дауына іліккен спортшылар психологтардың көмегіне мұқтаж

  • 144
Мамандар: Допинг дауына іліккен спортшылар психологтардың көмегіне мұқтаж

Допинг дауына іліккен спортшылар психологтардың көмегіне аса мұқтаж.

Сала мамандарының сөзінше, біздің елде мұндай жағдайға тап болған спортшылармен жұмыс істейтін арнайы мамандар жоқ. Сондықтан осымен шұғылданатын психогологтарды даярлау қажет. Себебі допинг қолданды деген айып спортшыларға өте ауыр тиеді. Осындай жағдайда олар спортпен мүлдем қоштасады екен.

Ольга Тиунова, ұлттық биомедицина және спорт институтының ректоры /РФ, Мәскеу

– Егер расымен допинг дауы шықса, ол спортшыға психологиялық соққы болып тиеді. Оның кінәсінің бар-жоқтығы – бөлек әңгіме. Мүмкін оны мәжбүрлеген шығар немесе өзі білмейтін басқа жағдайлар болған шығар. Қалай болғанда да ол өмірлік қиындықтарға тап келді. Сондықтан күйзелістен шығаруда психологтың көмегі аса қажет.

Хабар 24 телеарнасы