387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ өкілдері арасында ҚР Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді

  • 165
  • UPD: 17:28, 26.08.2019
БАҚ өкілдері арасында ҚР Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді prosports.kz

2019 жылдың 30 тамызында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Жарыстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана-Арена» стадионы;

Жарыстың жалпы ережесі:
– Жарыс 2019 жылдың 30 тамызында, «Астана-Арена» стадионында өтеді.
– Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады.
– Турнирге барлығы 32 команда қатыса алады, өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 27 тамызына дейін.

Хабар 24 телеарнасы