389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан қоржынына қола медаль салған Елдос Сметов елге оралды

  • 200
  • UPD: 00:57, 27.08.2019
Қазақстан қоржынына қола медаль салған Елдос Сметов елге оралды

Дәл осы күндері Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтуде.

Жарыстың бірінші күні 60 келі салмақта Қазақстан қоржынына қола медаль салған Елдос Сметов бүгін елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшыны Алматы әуежайынан дүйім жұрт қарсы алды. 2015 жылы елімізде өткен дүниежүзілік жарыста топ жарған жерлесімізден бұл жолы да алтын медаль күткеніміз анық. Бірақ Елдос ширек финалда татами иесі Рюдзы Нагаямаға есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде кувейттік спортшыдан басым түскен Сметов қола медаль үшін жерлесі Ғұсман Қырғызбаевпен белдесті. Негізгі уақытта бірін бірі ала алмаған қазақтың қос мықтысы, жеңімпазды қосымша уақытта анықтады. Тәжірибелі Елдос Ғұсманнан айласын асырып кетті.

Елдос Сметов, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері:

Бұл спорт. Спортта оңай нәрсе жоқ. Спортта кім өзінің мықтылығын, кім өзінің қолынан келгенін, шеберлігін сол жерде көрсетеді. Бірақ сол татамиден шыққаннан кейін бір-бірімізге деген бауырмашылдығымыз, бір-бірімізге деген достығымыз, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз ешқашан өзгермеген. Ол өзгермейді де. Өйткені біз бір үйдің баласындай, бір отбасының баласындаймыз.

Ғұсман Қырғызбаев, дзюдошы:

- Үшінші орындық белдесу енді өзіміздің жерлесіміз, өзіміздің бір нанды бөлісіп жеп жүрген бауырым Елдос Сметовпен кездестік. Бір жағынан да қазақ болғаннан кейін кішкене бастапқы 4 минутта ашыла алмай, бар күшті сала алмай, ыңғайсызданып деген сияқты болды басында. Бұйырғаны осы болды енді.

Хабар 24 телеарнасы