387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» финалына қатыспайтынын мәлімдеді

  • 265
  • UPD: 09:48, 27.08.2019
Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» финалына қатыспайтынын мәлімдеді prosports.kz

Ол мұндай қадамға алдағы әлем чемпионатына дайындықты мейлінше күшейту үшін барып отыр.

Бұл туралы жеңіл атлетика шебері өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Сіздердің пікірлеріңізді оқыған сайын спортшыларға қолдау таныту қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Парижде сәтсіз өнер көрсеттім, нәтиже – 14,16 метр. Дейтұрғанмен, «Гауһар лигасының» ақтық кезеңіне өттім, бірақ оған қатысуға өзім бас тартып отырмын. Өйткені, әлем чемпионатына дайындықты ширатқым келеді», – деп жазады Рыпакова.

Хабар 24 телеарнасы