387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Қазақстан чемпионы қайтыс болды

  • 151
Футболдан Қазақстан чемпионы қайтыс болды Prosports.kz

Нигерия құрамасы мен «МЖСШМ-Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Ифеани Чиджине 36 жасында созылмалы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Нигерия футбол федерациясының твиттер парақшасы мәлім етті.

Өз мансабында Чиджине әлем чемпионаттарында үш рет ойнады (1999, 2003 және 2007), ал 2000 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарына қатысты.

Чиджине америкалық «Индиана», финляндиялық «КМФ Куопио» мен «ПК-35 Вантаа», ресейлік «Звезда-2005» және қазақстандық «МЖСШМ-Қайрат» сапында ойнаған. 2012 жылы ол алматылық команда сапында бірге ел чемпионы атанды.

Хабар 24 телеарнасы