387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін қарымта жекпе-жек өткізеді

  • 359
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін қарымта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов пен әзербайжандық Нариман Аббасов арасындағы қарымта жекпе-жек қыркүйекте Бакуде (Әзербайжан) өтеді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Жеңіл салмақта бос тұрған Fight Nights Global ресейлік промоушннің чемпиондық белбеуі үшін алғашқы кездесу 27 сәуір күні Мәскеу маңындағы Мытищи қаласында өткен болатын. Араға 17 ай үзіліс салып шыққан бұл айқаста Хамитов төрешілер шешімімен жеңілген – 48:47, 47:47 және 48:47. FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты.

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты.

Аббасовқа дейін ол 2017 жылы қарашада жұдырықтасқан.

31 жастағы Хамитовтің еншісінде 19 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең түскен нәтиже бар. 

Жақында ғана жерлесіміздің спортпен қатар кино әлемінде де бақ сынап жатқанын жазғанбыз. «Найман» отандық «Мажор на неделю» жастар комедиясына түсті.

 

Хабар 24 телеарнасы