387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Автобусқа соғылған Олимпиада чемпионы жол апатынан аман қалды

  • 119
Автобусқа соғылған Олимпиада чемпионы жол апатынан аман қалды

Жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы кениялық  ірі жол апатынан аман қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рудишидің автокөлігінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде автобусқа соқтығысқан екен. Тез арада ауруханаға жеткізілген ол жарақаттан дін аман қалған.

– Сенбі күні кешкісін үйіме бара жатқан жолда сұмдық жол апатына түстім. Автобуспен бетпе-бет соғылып, аман қалдым. Жағдайым жақсы, жарақат та алмадым. Дұға-тілектеріңіз үшін рақмет! – деп жазды Рудиша өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Кениялық спортшы 800 метрге жүгіруден 2011 және 2015 жылдары екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған.

 

Хабар 24 телеарнасы