389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Деревянченко Головкинмен кездесу алдында қазақстандықтарға алғыс білдірді

  • 384
  • UPD: 10:03, 28.08.2019
Деревянченко Головкинмен кездесу алдында қазақстандықтарға алғыс білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін айқас өткізетіні белгілі.

Осы орайда Деревянченко «Астана арландары» сапында өнер көрсеткен жылдардан бері қолдау көрсетіп келе жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Арландар» сапында өнер көрсеткенімді білетін, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін жылы лебіздерін білдіріп жатқан қазақтарға алғыс айтқым келеді. Сол кезеңнен жақсы естеліктер қалды. Рақмет!» – деп жазды Сергей өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізде болса, Деревянченко WSB-дің үшінші және төртінші маусымдарында «Астана арландарында» сапында жұдырықтасты. Үшінші маусымның финалында (2012-2013) «арландармен» бірге Ukraine Otomans клубын жеңіп, Бүкіләлемдік бокс сериясында бірінші рет командалық әлем чемпионы атағын иеленді. Ал төртінші маусымнан соң (2013-2014) кәсіби боксқа ауысты.

Геннадий Головкин – Сергей Деревянченко айқасы 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.

Ал осының алдында боксшылар бірінші баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты.

Айта кетерлігі, орта салмақта бос тұрған IBF белдігі үшін өтетін билет анықталғанын хабарлағанбыз. Жекпе-жектің ең арзан билеттерін 56 долларға (21 500 теңге), ал ең қымбаттарын 756 доллардан (292 000 теңге) сатып алуға болады. Толығырақ мәліметті мына сілтемеден оқи аласыздар.

Ескере кететін жайт, өткен жылдың соңында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин елорданың бокс клубы таратылғанын мәлімдеген болатын.  

Хабар 24 телеарнасы