385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен спортшы қыз елге оралды

  • 158
  • UPD: 00:00, 29.08.2019

Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен тұңғыш қазақ қызы Әнел Сытдықова елге оралды. Туған жері Орал әуежайында Әнелді дүйім жұрт қошеметтеп қарсы алды.

Қос құрлықты жалғап жатқан бұғаздың жалпы ұзындығы 34 шақырым. Әнел бұған 4 жылдай әзірленген екен. 2016 жылғы алғашқы әрекеті дауыл салдарынан сәтсіз аяқталыпты. Бірақ бұған дейін төрт мәрте «темір адам» атанған қайсар қыз табандылық танытып, нәтижесінде, тамыздың 21 күні Англиядан Францияға дейінгі аралықтағы Ла-Манш бұғазын 15 сағат 15 минутта жүзіп өтті.

41 жастағы Әнел Сытдықова 9 жылдан бері триатлонмен айналысады. «Алдағы уақытта АҚШ-та тағы осындай екі ұзақ қашықтықты жүзіп өтуді жоспарлаймын» дейді спортшының өзі.

Әнел Сытдықова, Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен спортшы:

- Ла-Манш мен үшін асу бермес биік шың іспетті болатын. Бірақ оны бағындыру туралы ойдан бір сәтке де арылған емеспін. Өзгелердің бұл дәрежеге жеткенін көріп, бұл менің де қолымнан келеді деп шештім. Солай жасадым да! Ла-Маншты жүзіп өткеннен кейін егер адам талмай талаптанса көздеген мақсаты орындаларына көзім жетті.

Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы БҚФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Шын мәнінде Әнел Сытдықова барша әлемге дәлелдеді қазақ елінің мықтылығын, қазақ қыздарының мықтылығын. Сондықтан біз осындай жастарымызды үлгі етіп өсіп келе жатқан ұрпаққа, жастарымызға, жалпы қазақ қыздарына қазақ жігіттеріне үлгі мақтан тұтамыз.

Хабар 24 телеарнасы