385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы туры» веложарысына әлемнің бірнеше елінен 21 команда қатысады

  • 148
  • UPD: 09:11, 29.08.2019
«Алматы туры» веложарысына әлемнің бірнеше елінен 21 команда қатысады

Тамыз айының соңғы күндері дәстүрлі «Алматы туры» веложарысы өтеді.

Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған екікүндікке әлемнің бірнеше елінен 21 команда қатысады. Осы сында ел намысын 4 команда қорғайды. Олардың арасында шоқтығы биігі – Астана» командасы. Осы жарысты 4 рет ұтқан Алексей Луценко биылғы бәсекеге қатыспайды. Дегенмен «Астана» командасының сапында тәжірибелі спортшылар баршылық. Атап айтар болсақ, Евгений Гидич пен Юрий Натаров және Дмитрий Груздев пен Артем Захаровтар аянып қалмаймыз деп отыр. 

Жандос Қанатұлы, ҚР велофедерациясының техникалық директоры:

– Әлем чемпионаты әрқашанда қыркүйектің аяғында өтеді. Сол себептен біздің халықаралық влеосипедшілер одағының қолдауымен биыл тамыз айында «Алматы турын» өткізуге мүмкіндік берді. «Алматы туры» өте жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы