387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Президент кубогында Қазақстан құрамасы чемпион атанды

  • 317
Футбол: Президент кубогында Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Елордада Президент кубогына арналған футболдан жасөспірімдер арасындағы ХІІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Ала доп додасына елімізбен қатар, Тәжікстан, Қырғызстан, Литва және Армения елдерінен командалар қатысып, бақ сынады. Біздің жас өрендер финалда Тәжікстан құрамасымен кездесіп, қазақстандық футболшылар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, 17 жасқа дейінгі жастардан құралған Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Үшінші орынға Литва командасы тұрақтады. Халықаралық турнир 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Еліміздің 17 жасқа дейінгі құрамасы екі мәрте чемпион атанды. 

Қайрат Нұрдәулетов, футболдан жастар құрамасы бас жаттықтырушысының ассистенті:

– Бапкерлер Еуроға дайындық алдында осындай турнирлердің арқасында балалардың дайындығын қарайды. Ойын жақсы болды деп ойлаймын. Біздің жігіттер жақсы ойын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы