389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады

  • 497
Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады 24tv.ua

Осы маусымдағы UEFA чемпиондар лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Мұнда жылдағыдай 32 команда бір елдің клубтары бір-бірімен кездесе алмайтын шартпен сегіз топқа бөлінеді. 

Жеребе кезінде командалар 4 себетке орналасады:

1 себет: «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия), «Барселона» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция), «Зенит» (Ресей).

2 себет: «Реал Мадрид» (Испания), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Наполи» (Италия), «Шахтер» (Украина), «Бенфика» (Португалия), «Аякс» (Нидерланд).

3 себет: «Лион» (Франция), «Байер» (Германия), «Зальцбург» (Аустрия), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия), «Валенсия» (Испания), «Интер» (Италия), «Динамо Загреб» (Хорватия).

4 себет: «Локомотив» (Ресей), «Генк» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), РБ «Лейпциг» (Германия), «Аталанта» (Италия), «Славия» (Чехия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Лилль» (Франция).

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі бүгін, 29 тамыз күні Монакода Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де тартылады.

УЕФА баспасөз қызметі өткен маусымдағы Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш футболшыны атады. Олар: Лионель Месси, Криштиану Роналду, Верджил ван Дейк. 

Хабар 24 телеарнасы