389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Marathon 2019 шарасына қатысуға ниет білдіргендер саны 4 мыңға жетті

  • 248
  • UPD: 14:11, 29.08.2019
Astana Marathon 2019 шарасына қатысуға ниет білдіргендер саны 4 мыңға жетті еlorda.info

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Astana Marathon 2019 қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 42,2 шақырым және 10 шақырым қашықтықта ұйымдастырылады.

Марафонға жасы 18-ден (42,2 шақырым) және 16-дан (10 шақырым) асқан кез келген адам қатыса алады. Жарысқа қатысу үшін Astana Marathon – www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеліп, 4000 (10 шақырым) немесе 8000 (42,2 шақырым) теңге көлемінде жарна төлеу керек. Өтінім қабылдаудың соңғы күні 42.2 шақырым үшін – 1 қыркүйек, ал 10 шақырым үшін – 5 қыркүйек (23:59 ч.).

10 шақырым қашықтық үшін тіркелу және желаяқтар пакетін тапсыру Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 46 (Hilton Hotel Astana) мекен-жайы бойынша 6-7 қыркүйек күні Astana Marathon EXPO 2019 спорт көрмесі кезінде өтеді.

Бүгінде  жарысқа қатысушы ретінде Қазақстан мен 25 алыс және жақын шет елден 4000-нан астам адам тіркелді.

Бес элиталы атлет 02:13:00 дейін Astana Marathon тасжолының нәтижесін жаңартуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы