389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы ТМД чемпионы атанды

  • 198
  • UPD: 10:21, 30.08.2019
Қазақстандық боксшы ТМД чемпионы атанды inform.kz

Титулдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстанның кәсіпқой боксына» сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәскеуде өткен бокс кешінде Ғалым Шағатай жекпе-жектің екінші кезеңінде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атанды.

Еске салсақ, 21 жастағы кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Ғалым Шағатай осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген. 

Хабар 24 телеарнасы