387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду Мессимен бірге кешкі ас ішуді армандайтынын айтты

  • 149
  • UPD: 10:44, 30.08.2019
Роналду Мессимен бірге кешкі ас ішуді армандайтынын айтты

«Ювентус» клубының форварды Криштиану Роналду «Барселона» клубының капитаны Лионель Мессимен бірге кешкі ас ішуді армандайды.

Sports.ru каналы Instagram парақшасында УЕФА сыйлығын табыстау рәсімі бейнеленген видеоны жариялаған, ол жерде Роналду Месси туралы жылы сөздер айтады.

«Мен үшін өте қызық. Біз 15 жылдай бір сахнада жүрміз. Жылма-жыл осы орында қатар отырамыз. Мұндай бұрын соңды футбол тарихында сірә, болмаған шығар. Бұл, бір жағынан,  өте қиын. Әрине, қарым-қатынасымыз жақсы. Бірге тамақтанбадық, бірақ болашақта оны да орындаймыз деген ойдамын» – деді атақты футболшы жымиып.

Хабар 24 телеарнасы