389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Райымбек Асан Мәскеу төрінде жеңіске жетті

  • 237
  • UPD: 11:30, 30.08.2019
Райымбек Асан Мәскеу төрінде жеңіске жетті sports.kz

«Октябрь» стадионында өткен бокс кешінде орта салмақ санатында өнер көрсеткен отандасымыз Райымбек қарсыласы Дмитрий Рахмановты  алғашқы үш минутта-ақ оң қолымен жойқын соққы беріп, канвас жастандырды.

Бастапқыда қос мықты 6 раунд бойы қолғап түйістіреді делінген еді. Алайда, ә дегеннен мысы басылған ресейлік боксшы жұдырықтасуды тоқтататынын айтты.

Бұл Райымбек үшін кәсіби рингтегі екінші жедел жеңіс.

Хабар 24 телеарнасы