389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккей клубына қатысты деректер елорда архивінде сақталады

  • 198
  • UPD: 12:25, 30.08.2019
«Барыс» хоккей клубына қатысты деректер елорда архивінде сақталады

«Барыс» хоккей клубына қатысты деректер енді елорданың архивінде сақталады.

Команданың сирек суреттері мен бейнематериалдары және спортшылар мен жаттықтырушылар жайлы тарихи мәліметтер жинағы бір жерге топтастырылған. Көрмеге қойылған заттардың басым бөлігін Станислав Сарсеков архивке өткізіпті. Тарихшы-коллекционер талай жылдан бері «Барысқа» қатысты дүниелерді жинаумен айналысып жүр. Көрме хоккей клубының 20 жылдығына арналды. «Барыс» командасын құру туралы шешім 1999-шы жылы 26-шы қарашада шыққан еді.

Хабар 24 телеарнасы