387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы турының» 4 дүркін чемпионы Алексей Луценко биылғы бәсекеге қатысқан жоқ

  • 155
«Алматы турының» 4 дүркін чемпионы Алексей Луценко биылғы бәсекеге қатысқан жоқ

Алматыда дәстүрлі веложарыс басталды.

Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Алматы туры» екікүндігіне әлемнің бірнеше елінен 20 команда қатысып отыр. Бұған дейін қыркүйек айының ортасында өтіп келген велобәйге биыл тамыз айына ауыстырылды. Біріншіден Алматының ауа райы құбылмалы. Кей жылдары тауға қар ерте түсіп, Медеу шатқалында біраз қиындықтар туындаған болатын. «Және күз айында әлем чемпионатымен қабат келмес үшін биылғы жарысты ерте өткізуді жөн санадық», - дейді ұйымдастырушылар. «Алматы турының» 4 дүркін чемпионы Алексей Луценко биылғы бәсекеге қатысқан жоқ. Бірінші кезең 118 шақырымға созылды. Кезең жеңімпазы тек соңғы шақырымда анықталды. Поляк Патрик Штоштың бағы жанып мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші – 2 сағат 37 минут 46 секунд. «Вино-Астана» командасының велошабандозы Матвей Никитин екінші орыннан көрінсе, италиялық Давиде Габура үштікті түйіндеді. Ал «Астана» командасының сапынан ең үздік нәтиже көрсеткен Никита Стальнов мәре сызығын алтыншы болып кесті. Алғашқы бестіктен көріне алмаған APPLE командасы ертеңгі тау жолдарында барымызды саламыз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы