387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М-1 Challenge 104: Арман Әшімов жеңіске жетті

  • 215
М-1 Challenge 104: Арман Әшімов жеңіске жетті Prosports.kz

Ресейдің Оренбург қаласында өтіп жатқан М-1 Challenge 104 турнирінде қазақстандық файтер Арман Әшімов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әшімов бразилиялық Флавио Да Сильв Сантосты төрешілердің шешімімен жеңді.

Қазақстандық спортшы жекпе-жектің алғашқы екі раундында қарсыласынан басым болған. Алайда шешуші раундта қарсыласының астына түсіп қалып, сәл ырықсыз жағдайда қалды. Сонда да бразилиялықтың қолын сауатты түрде байлап, қуатты соққыларын дарытқан жоқ.  

Бұл ең жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсететін Арман Әшімовтің кәсіби аренадағы 12-жеңісі.

Айта кетейік, Арман Әшімов биылдан бастап Ғалымжан Есенов басқаратын Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар қауымдастығының қолдауымен өнер көрсетеді. Аталған қоғамдық бірлестік К.Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді. 

Хабар 24 телеарнасы