387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс басталды

  • 184
  • UPD: 13:10, 31.08.2019

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабарында Конституция күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кубогы үшін жарыс басталды.

Жарыс бағдарламасында: 25 шақырымға – аламан бәйге, 16 шақырымға – топ бәйге, 9 шақырымға – жорға аттар жарысы, 11 шақырымға – құнан бәйге жарысы және 5 шақырымға тай жарысы өткізіледі.

Сонымен қатар теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер назарларыңызға ұсынылады.

Бәйгенің барлық түрлерінен жүлдеге автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.

Хабар 24 телеарнасы