386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамир Исмагулов UFC-де үшінші рет чемпион атанды

  • 156
  • UPD: 17:43, 31.08.2019
Дамир Исмагулов UFC-де үшінші рет чемпион атанды

Ресейде тұратын қандасымыз, аралас жекпе-жек файтері Дамир Исмагулов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті.

Дамир 31 тамызда Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен UFC Fight Night 157-де өнер көрсетті. Оның қарсыласы бразилиялық Тиаго Мойзес болды. Жекпе-жек үш раундқа созылды, Исмагулов төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Sherdog.com хабарлауынша, 28 жастағы Исмагулов үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 20-жекпе-жек болды, ол 19-ын жеңіп, біреуінде жеңілген. 24 жастағы Мойзес кәсіпқой ретінде 16 шайқас өткізді. Қазір оның төрт жеңілісі және 12 жеңісі бар.

Еске салайық, UFC құрамында Исмагуловтың дебютті жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында болды және осы уақыт ішінде екі жекпе-жек өткізді, ол испандық Йоэль Альварес пен австралиялық Алекс Горгиске қарсы жекпе-жектерде жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы