385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы туры» веложарысы аяқталды

  • 144
  • UPD: 18:50, 31.08.2019
«Алматы туры» веложарысы аяқталды

Алматыда «Тур Алматы-2019» веложарысы аяқталды. 160 шақырымға созылған екінші кезең өте тартысты өтті. 

Халық арена маңынан шыққан спортшылар Медеуде мәре сызығын кесті. Италиялық велошабандоз Данило Челано кезең жеңімпазы болып танылса, ресейлік Николай Черкасов екінші орыннан көрінді. Жерлесіміз Юрий Натаров үштікті түйіндеді. Екі кезеңнің қортындысы бойынша Астана командасының намысын қорғаған Юрий Натаров Тур Алматы 2019 жарысының жеңімпазы атанды. Әрі ең үздік қазақстандық велошабандоз мәртебесіне ие болды. Вино-Астана Моторс командасының спортшысы Евгений Федоров тау каролі атанса, Поляк Патрик Штох ең үздік велосипедші деп танылды.

Хабар 24 телеарнасы