386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы бәйгеде 12 жасар шабандоз джип көлік ұтып алды

  • 211
  • UPD: 20:34, 31.08.2019

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Көкбастау ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен Тұңғыш Президент - Елбасы кубогі үшін өткен жарыс аяқталды.

Жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 200-ге жуық сәйгүлік қатысып, 7 көлік жүлдеге тігілді. Бәйге тай жарыстан басталды. Содан соң құнан және топ бәйге болды. Үстінен су төгілмес жорғалар да көптің көңілінен шықты. Ал көрермен асыға күткен аламан бәйге тіпті тартысты өтті. Алматы облысының 12 жастағы шабандозы Байғұрман Сабыржан мінген «Үшқоңыр» атты тұлпар оқ бойы озық келіп, иесіне жол талғамайтын көлік сыйлады.

Секенай Бөбекбай, «Үшқоңырдың» бапкері:

- Осымен үшінші рет ұтып тұрмыз. Былтыр ноябрьден бері дайындалған дүние ғой. Оңай дүние емес. Таза еңбекпен келген дүние деп ойлаймыз. Атым 5 жаста. Таза қанды ат, ағылшын жылқысы.

Хабар 24 телеарнасы