387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» жасыл алаңда кездесетін уақыт белгілі болды

  • 210
«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» жасыл алаңда кездесетін уақыт белгілі болды

Елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде алғашқы ойынын сырт алаңда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен өткізеді.

Екі команда арасындағы кездесудің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні өткізіледі. Ойын елорда уақытымен сағат 01.00-де Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында басталады. Қарымта кездесу 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында болады. Естеріңізге сала кетелік, кеше UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. «Астана» L тобында Англияның «Манчестер Юнайтед», Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ «Алкмар» командаларымен шеберлік байқасады. Айта кетелік, «Астана» плей-оф кезеңінде Беларусьтің БАТЭ командасын орта жолда қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы