389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» мен «Манчестер Юнайтедтің» қашан кездесетіні белгілі болды

  • 352
«Астана» мен «Манчестер Юнайтедтің» қашан кездесетіні белгілі болды Prosports.kz

Елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде алғашқы ойынын Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесу қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні өткізіледі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында басталады.

Қарымта кездесу 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Естеріңізге сала кетелік, кеше UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. «Астана» L тобында Англияның «Манчестер Юнайтед», Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ «Алкмар» командаларымен шеберлік байқасады

Хабар 24 телеарнасы