387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Baq League: «Хабар» арнасы алтыншы мәрте жеңімпаз атанды

  • 145
  • UPD: 23:55, 01.09.2019

БАҚ лиганың алтыншы маусымы аяқталды. Чемпион тағы да «Хабар» командасы.

Басты арнаның құрамасы осымен алтыншы мәрте жеңімпаз атанып отыр. Ал кубокті Қазақ радиосының жігіттері иеленді.

Тартысқа толы кездесулер мәресіне жетті. Атап өтейік, Бақ лиганың алтыншы маусымы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналды.

Дархан Қыдырәлі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы:

Екі айға созылған тартысты кезеңде ұзын ырғасы 17 команда өзара мықтыны анықтады. Алтыншы маусымның чемпионы тағы да «Хабар». Жаз бойы ешкімге дес бермеді. Ал, маусымның кубогін бүгін Қазақ радиосының жігіттері иеленді.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» командасының капитаны:

2018 жылы Бақ лиганы 5-рет жеңдік. Мінекей, биыл алтыншы рет жеңіп жатырмыз. Бақ лиганың чемпионы болу ол кәдімгідей, жұмыс пен дайындықты талап етеді.

Әзиз Жұмаділ, Baq League жобасының жетекшісі:

Жеңімпаздар марапатталды. Бағы жанып, бабы келіскендер бүгін жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Бақ лиганың қысқы маусымы қараша айында басталмақ.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы