385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин WBA рейтингіне енбей қалды

  • 156
  • UPD: 11:41, 02.09.2019
Головкин WBA рейтингіне енбей қалды prosports.kz

WBA (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рейтингінің әр салмақ дәрежесіне 15 үздік боксшы мен чемпиондар енген. Геннадий Головкин бұл жолы орта салмақтағы үздіктердің рейтингіне енбей қалды.

Ал суперауыр салмақта сынға түсетін Иван Дычко 13-орында қалды.

Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртіншіге көтерілсе, Нұрсұлтан Жаңабаев та екі сатыға жоғарылады - енді ол жетінші орында.

Рейтинг Бейбіт Шүменовті енді «демалыстағы чемпион» емес, «тұрақты» әлем чемпионы ретінде көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы