386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚПЛ шешуші кезеңге таяп қалды

  • 121
  • UPD: 14:01, 02.09.2019
ҚПЛ шешуші кезеңге таяп қалды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы шешуші кезеңге жақындап қалды. 25-турда топ басындағы командалар ұпайдан шашау шығарған жоқ.

Жүлделі орыннан дәмелі «Ордабасы» «Жетісуға» қонаққа барып, 1:0 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» Қарағандыда «Шахтер» қақпасына жауапсыз төрт доп соқса, «Тобыл» «Таразды» аямады. Есеп: 5:0. «Ақтөбе» 3:1 нәтижесімен «Қайсардан» басым түсті. «Атырау» өз алаңында "Ертіске" есе жіберді. Есеп: 0:3. 25-турдан кейін 52 ұпай жинаған «Тобыл» топ бастады. Қостанай командасынан екі ұпайы кем «Қайрат» екінші орында келеді. Үздік үштіктің қатарында «Ордабасы» тұр. Еуропа лигасындағы ойындарына байланысты «Астана» премьер-лигада екі матч кем өткізді. Елордалықтар турнир кестесінде 47 ұпаймен төртінші сатыға жайғасты. Сосын тиісінше «Жетісу», «Қайсар», «Шахтер», «Оқжетпес» орналасты. «Ертіс» «Таразды» төмен сырғытып, тоғызыншы орынға шықты. «Атырау» мен «Ақтөбе» соңғы орында қалды.

Хабар 24 телеарнасы