387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Криштиану Роналду байлығын кімге қалдырмақ

  • 376
Криштиану Роналду байлығын кімге қалдырмақ instagram

Туриндік «Ювентустің» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өсиет хат жазды.

Бұл оның мезгілсіз өмірден өтуі мүмкін жағдайға арналып жасалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат AS-ға сілтеме жасап.

Португалиялық футболшының мүлігіне басты үміткер – сүйіктісі Джорджина Родригес болмақ.

Құжаттың ерекше тұстары да бар. Роналдудың барлық мүлкіне Джорджина ие болып қалғанымен оны анасы Мария Долорес Авейру басқаратын болады. Қазіргі таңда Роналдудың қаржылық қоры 300 миллион еуроға бағалануда. Португалиялық футболшы сүйіктісімен 2018 жылдың қараша айында некелескен еді. 

Хабар 24 телеарнасы