386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: бүгін «Барыс» - «Адмирал» матчы өтеді

  • 228
  • UPD: 11:43, 03.09.2019
ҚХЛ: бүгін «Барыс» - «Адмирал» матчы өтеді sports.kz

Бүгін «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын бастайды. Елорда командасы алғашқы кездесуін Владивостоктың «Адмиралымен» өткізеді.

«Барыс Аренадағы» ойын кешкі 19:30-да басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері жауынгерлік өнер фестивалінде жүлделі болды. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан спорт сайысында ұлттық құрама спортшылары екі алтын екі күміс медаль ұтып алды. Жәнібек Әбубәкір мен әлем және Азия ойындарының чемпионы Дархан Нортаев фестиваль жеңімпазы атанса, Нұрсұлтан Дүйсенов пен Мөлдір Мекенбаева екінші орыннан көрінді. Ченжу қаласындағы жауынгерлік өнер сайысына әлемнің 203 елінен үш жарым мыңнан аса спортшы келді. Жекпе-жек шеберлері спорттың 20 түрінен бәсекеге түседі. Фестиваль 6 қыркүйекте аяқталады.

 

US Open: Новак Джокович биылғы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Америка ашық біріншілігінің қазіргі чемпионы Новак Джокович биылғы турнирдің ширек финалына шыға алмады. Сербиялық теннисші төртінші кезеңде Стэн Вавринкаға жол берді. Үшінші партияда Джоковичтің иығындағы жарақаты сыр беріп, Новак кездесуден бас тартты. Алғашқы екі сетта 6:4, 7:5 есебімен Вавринка алда тұрған еді. Жалпы швейцариялық теннисші серб жігітіне ыңғайсыз қарсылас. 2013 жылдан бері екі ойынды үлкен шлем жарыстарында алты мәрте кездесіп, соның төртеуі Вавринканың пайдасына аяқталды. Енді Стэн ресейлік Даниил Медведевпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

 

Кейлор Навас ПСЖ клубына ауысты

Еуропада трансферлік терезе жабылды. Ауыс-түйістің соңғы күні Мадридтің «Реалы» мен ПСЖ клубтары қақпашы алмасты. Испан командасы француз Альфонсо Ареоляны бір маусымға жалға алды. Ал, Парижге Кейлор Навас аттанды. 32 жастағы коста-рикалық қақпашы ПСЖ-мен төрт жылдық келісімшартқа отырды. Франция чемпиондары Кейлорды 13 млн еуроға сатып алды. Навас «Реалға» 2014 жылы қосылған болатын. Мадрид клубы қақпашыны «Левантеден» 10 млн еуроға алған еді.

 

Мауро Икарди ПСЖ жейдесін киді

Трансферлік ауыс-түйістің соңғы күні ПСЖ клубы белсенділік танытты. Франция чемпиондары «Интерден» шабуылшы Мауро Икардиді жалға алды. Париж командасы «Интерге» бес млн еуро төлейді. Ал, 26 жастағы футболшы Франция астанасында жылына 7 млн еуро жалақы алады. 2020 жылы ПСЖ аргентиналық шабуылшыны 70 миллионға сатып алуына болады. Икарди жаңа командасында 18-нөмірлі жейдемен ойнайды.

 

FIFA жылдың үздік үш футболшысын анықтады

Лионель Месси мен Криштиану Роналду және Вирджил ван Дейк FIFA тұжырымы бойынша өткен маусымның үздік футболшысы атанудан үмітті. Бұл сыйлықтың жеңімпазы 23 қыркүйекте Милан қаласында марапатталады. Ван Дейк жақында ғана Еуропаның үздігі атанғаны белгілі. Әйелдер арасында Люси Бронз, Алекс Морган, Меган Рапино жыл ойыншысы атағына таласады. FIFA сыйлығының иегерлері бас бапкерлер мен құрама капитандарының және жанкүйерлер мен журналистердің дауыс беруі арқылы анықталады.

Хабар 24 телеарнасы