389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің украиналық қарсыласы отанына жеңіспен оралатынына сенімді

  • 178
  • UPD: 12:46, 03.09.2019
Головкиннің украиналық қарсыласы отанына жеңіспен оралатынына сенімді 24 Канал

Орта салмақта жұдырықтасатын Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) қарсы дайындық барысында Эдгар Берленга (12-0, 12 КО), Кемаль Расселл (13-1, 11 КО) сияқты боксшылармен спарринг өткізеді, деп хабарлайды vRinge.com порталы World Boxing News басылымына сілтеме жасап.

«Бұл болашақ чемпиондар. Олар әр күні спаррингте беріле жұмыс істейтіні сонша, барыңды салуға тура келеді. Алдағы жекпе-жекке дәл осылай жаттығу қажет. Уақыты келгенде бәрін дұрыс істегенімді білетін боламын; жеңемін де достарым Усик пен Ломаченконың ізінен еремін.

Бруклинді сүйемін, екінші үйім. Әрине, туған елімді, отбасым мен достарымды сағынамын. Рингте істеп жатқаным – Украина халық үшін. Үйде барынша жиі болуға тырысамын. Келесіде үйге чемпион болып ораламын», – дейді ол. 

Еске салайық, Головкин – Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар орта салмақта IBF титулы үшін жұдырықтасады, деп жазады vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы