387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы матчта «Адмиралдан» жеңіліп қалды

  • 269
«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы матчта «Адмиралдан» жеңіліп қалды

«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойында «Барыс» ресейлік «Адмирал» командасын қабылдаған. Бірінші таймда қос команданың ойыншылары бір-бірінің қақпасын көздей алмай, тең тарқасты. Ойынның екінші бөлігінде Юнг пен Альмквисттің соққан қос голы «Адмиралды» есепте алға шығарды. Үшінші таймда «Барыстың» сапынан Найт көзге түсіп, жауап қатқан. Алайда «Адмиралдың» ойыншысы Стрельцов есеп айырмасын еселеді.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 1:3 (0:0, 0:2, 1:1)

0:1 Юнг (Бакош, Альмквист) 31:52 

0:2 Альмквист (Юнг) 36:39 

1:2 Найт (Хелука, Пакаринен) 50:55 

1:3 Стрельцов (Ломако) 59:05 

Қақпашы: Паскуале – Олкинуора

Хабар 24 телеарнасы