386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі белгілі болды

  • 386
  • UPD: 12:37, 13.09.2019
Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі белгілі болды Қазақпарат

Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын 8 салмақ дәрежесіндегі 10 балуанның есімі жарияланды. 

60 және 82 келі салмақ дәрежесінде ел намысын кім қорғайтыны жақын күнде белгілі болады, деп жазады prosports.kz

55 келі. Қорлан Жақанша

60 келі. Мейрамбек Айнағұлов, Айдос Сұлтанғали (өзара кім мықтыны анықтайды)

63 келі. Алмат Кебіспаев

67 келі. Мейіржан Шермаханбет

72 келі. Демеу Жадраев

77 келі. Асхат Ділмұхамедов

82 келі. Мирас Баршылықов, Мақсат Ережепов (өзара кім мықтыны анықтайды)

87 келі. Азамат Күстібаев

97 келі. Ерұлан Ысқақов

130 келі. Дамир Күзембаев.

Бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері Нұрым Аманқосов әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялаған болатын.

Осыдан бірер күн бұрын күрес түрлерінен біріншілік ұйымдастырушылары жүлдегерлеріне берілетін медальдардың дизайнын көпшілікке жария еткен болатын.

Жалпы, күрес түрлерінен әлем чемпионаты елордада 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Күздің алғашқы айында спортшыларымызды тағы қандай жарыстар күтіп тұрғанымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын да сарапқа салады. Әлем чемпионатында (олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады. Ал жарыс кестесімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.

Хабар 24 телеарнасы